- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада семіздікті хирургиялық жолмен емдеу бойынша жетекші шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік-сыныптары өтеді
Астанада семіздікті хирургиялық жолмен емдеу бойынша жетекші шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік-сыныптары өтеді
Қазақ тамақтану академиясының 2012 жылғы зерттеуі бойынша, ҚР-да әйелдер арасында артық салмақтың таралуы 30,6% , еркектер арасында 36,8% құраған. Ал, орташа семіздік әйелдерде 27,6%, еркектерде 15,9% көрсетті.
Медицина ғылымының докторы, профессор Орал Оспановтың айтуынша, семіздіктің барлық жерде жиі кездесуінің артуына байланысты елімізде семіздікті едəуір экономикалық ауыртпалығы бар эпидемиялық ауру ретінде сипатталуда. «Семіздік жүрек талмасы, миға қан шабу, қан қысымының көтерілуі, холецистит, артрит, панкреатит сияқты ауруларды қоздырады», - деді ол.
Маманның айтуынша, бүгінгі таңда салмақты төмендетіп, асқазанды кішірейтетін бариатрикалық хирургия бүгінде медициналық және экономикалық тұрғыда жақсы нәтиже беруде.
Денсаулыққа зиян келтіретін семіздік белгілері бар пациенттерді хирургиялық емдеу Қазақстандағы жаңа әрі дамымаған сала болып табылады. Бұл қазақстандықтардың шетелге баруына себепші болып отыр, болашақта бұл оталар барлық әлем бойынша жасалатын болады.
«Біз хирургтер ретінде семіздікке шалдыққандардың баршасына операция жасай алмайтындығымызды түсінеміз. Алайда, жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті секілді дерттері пайда болатын науқастар бар. Салмақты төмендетіп, асқазанды кішірейтетін бариатрикалық хирургия бүгінде медициналық және экономикалы тұрғыда жақсы нәтижесін беруде. Мұндай операциядан кейін науқастар өздерін әлдеқайда жақсы сезінеді», - деді О.Оспанов.
Индира Кауметова
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр