• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Маляцкас: Әлемде ең қарқынды дамып жатқан бариатрикалық хирургия болып табылады

А.Маляцкас: Әлемде ең қарқынды дамып жатқан бариатрикалық хирургия болып табылады

21 Қыркүйек, 2015 16:48
Салмақты төмендетіп, асқазанды кішірейтетін бариатрикалық хирургия бүгінде медициналық және экономикалы тұрғыда жақсы нәтиже беріп жатыр, деді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Литва Медициналық университетінің профессоры, хирург Алмантас Маляцкас.

«Семіздік проблемасы үлкен, себебі бүгінде әлемде бұл эпидемия ретінде белең алған. Сондықтан оны дерт деп қабылдаған жөн. Адамға 40-50 келі салмақ түсіру үшін елеулі ерік күші керек, яғни артық салмақтан құтылу оңай емес. Өйткені, бұл тұрғыда бірнеше факторлар бар. Олардың біріне тоқталатын болсам, семіздік проблемасының 60-70 пайызы генге байланысты, ал генді өзгерту немесе оған қарсы тұру да өте қиын», - деді Алмантас Маляцкас.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы кезде ғылым салмағы шектен тыс емделушілерде тоқшылықты реттейтін гормондар аздау болатындығын анықтады.

«Қазіргі кезде азық-түлік пен тағам түрлеріне қолжетімділік өте жоғары деңгейде, сондай-ақ тамақтың  майлылығы да аз емес. Осы орайда адамдардың өздерінің гендеріне қарсы тұру оңай емес. Бұл салмағы шектен тыс ауыр адамдарға операциясыз салмақ жоғалту өте қиынға түседі. Біз хирургтер ретінде семіздікке шалдыққандардың баршасына операция жасай алмайтындығымызды түсінеміз. Алайда, жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті секілді ілеспе дерттері пайда болатын науқастар бар», - деді Алмантас Маляцкас.

Оның айтуынша, салмақты төмендетіп, асқазанды кішірейтетін бариатрикалық хирургия бүгінде медициналық және экономикалы тұрғыда жақсы нәтиже беруде. Науқастар операциядан кейін өздерін жақсы сезінеді

Мәселен, Дүниежүзілік семіздік пен метаболизм хирургиясы федерациясының бас кеңесі (The International Federation for the Surgery of Obesity and Metabolic Disorders (IFSO) Венада 25.08.2015 жылы өткен дүниежүзілік конгресс барысында «КОБиМХ» (Society of Bariatric and Metabolic Surgeons of Kazakhstan (SBMSK)) қабылдады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар