- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 20 мың тонна күріш қабылдай алатын элеватор мемлекет меншігіне тапсырылды
Қызылорда облысында 20 мың тонна күріш қабылдай алатын элеватор мемлекет меншігіне тапсырылды
Қуатты кәсіпорын биыл 27 шаруашылықтан 23 мың тонна күріш сатып алуды жоспарлап отыр. Сыр өңіріндегі жалғыз астық сақтайтын элеватор көп жылдар бойы жекенің қолында болды. Ал кәсіпкерлер күріш құнын тым төмендетіп жіберіп, диқан қауым тығырыққа тірелген еді.
Күріш элеваторы мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін барып, күрделі мәселенің күрмеуі шешілгендей. Қаңырап, тұралаған алып өндірістің бойына қан жүгірді. Өткен жылы 2 мың тонна ғана күріш қабылданса, биыл бұл меже 23 мың тоннадан асып жығылмақ. Ал шаруалар үшін тиімді жағы – алдағы егін маусымында элеваторға өткізетін өнімнің ақысы алдынала қолдарына тиеді. Бағасы да кәсіпкерлердің көңілдерінен шығып отыр.
«Негізі бұл элеватор 80 мың тонналық күрішке арналған. Элеватор биыл енді жөндеуден өткенде келесі жылы біз 54 мың тонна күріш қабылдауға мүмкіндігіміз болады», - деді күріш элеваторының директоры Самұрат Көпешов.
Фючерлік келісім-шартпен осы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға өткізеді. Элеватор жанындағы күріш зауыты да заманауи технологиямен жабдықталды. Тәулігіне 150 тонна күріш салысын ақтап, 80 тонна дайын өнім береді. Осы жерде өңделген Сыр маржаны ішкі нарықтан бөлек, Өзбекстан мен Қырғызстанға экспортталуда.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты