- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында «Қазақстандық немістер» көрмесі ашылды (ФОТО)
Ақмола облысында «Қазақстандық немістер» көрмесі ашылды (ФОТО)
Ақмола облысының «Возрождение» немістер қоғамы» ҚБ бастамасымен Достық үйінде «Қазақстандық немістер» атты көрменің ашылуы өтті. 15 бөлімнен тұратын көрме неміс халқының тарихы мен бүгінгі күннен сыр шертетін құжаттардан тұрады.
Көрмеде қоғамдық бірлестіктің атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктері және бастамалары ерекше көрсетілген.
Көшпелі көрме Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғимаратында ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.
Қазақ жерінде өмір сүріп жатқан неміс халқының тарихы мен мәдениеті сонау 19 ғасырдың аяғында басталған еді. Қазақ жеріне алғаш табан тіреп , қоныстанған Петербор Ғылым Академиясының мүшелері Г.Ф Миллер, П.С Паллас, Г. Гюлденштедт болған. Олардың арасында инженер, дәрігер, офицерлер де бар болатын. 1926 жылы қазақ жерінде 51 102 неміс ұлтының азаматтары тұрып жатты.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанға 444 мыңнан астам немістер қоныстанып, олардың 100 мыңнан астамы сол кездегі НКВД-ның еңбек әскерінде жұмыс істеді. Ауыр қара жұмыс пен ашаршылыққа шыдай алмаған адамдар мыңдап қырылып жатты. Соғыс жылдары ауылдарға қоныстанған немістер еңбекке араласа бастап, өз мамандықтары бойынша жұмыс істеді. Олар көмір өндіру, металлургия, мұнай өндіру орындарында қызу еңбекке араласты. Тың игеру жылдары неміс ұлтының азаматтары егін орағанының жоғарғы көрсеткіштерін берді. Өндіріс басшылары жоғарғы мемелекеттік наградаларды да иеленіп отырды. Қазақ жерінде неміс ауылдары пайда бола бастады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды