- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Бюросы заң жобаларын салалық комитеттерге бөлді
Сенат Бюросы заң жобаларын салалық комитеттерге бөлді
Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Бюро Қаулысына сәйкес Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға түзетулер жобасы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді және ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау бойынша бас комитет болып белгіленді.
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы Қазақстандық Балқаш торабын беру шарттары және оны зымыран шабуылы туралы Ресей ескерту жүйесінде одан әрі пайдалану тәртібі туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау мәселесін жүзеге асыратын болады.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы және заңнамаға құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобалары бойынша Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті бас комитет болып белгіленді.
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті бірқатар заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді. Атап айтқанда, заңнамағаарнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша, құрылыстағы баға белгілеу, сәулет-құрылыс бақылауын, сондай-ақ объектілерді пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша түзетулер бойынша жобаларды қолға алады.
Одан басқа, комитет заңнамаға жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша түзетулер жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Бас комитеттер Сенат комитеттерінің ұсыныстарын пысықтап, осы заң жобаларын Палата отырысында қарау үшін тиісті қорытынды әзірлейді.
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам»