• Басты
  • Жаңалықтар
  • Оңтүстіккореялық компания Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр

Оңтүстіккореялық компания Қазақстанда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр

21 Қыркүйек, 2015 15:54
Әлемдегі ірі инвесторлардың бірі - «KOREA RESOURCES CORPORATION» оңтүстік кореялық ұлттық корпорациясы «Қазгеология» АҚ-пен бірге Қарағанды облысының Дүйсембай учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазірдің өзінде, минералдану аймағында сынамаларды іріктеу шегінде тәптіштей отырып, мезозой, палеозой және кембрийге дейінгі жыныстарды ашып, олардың алаңдарын картаға түсіру мақсатында іздеу геологиялық маршруттары жүргізілді.

Олардың нәтижесінде кендер тәндері табылған өткен жылдардағы геологиялық барлау жұмыстары деректерінің негізінде 2015 жылға жоспарланған бүкіл бұрғылау жұмыстарының көлемі орындалды. Ұңғымалардың бірінде 200 қума метр тереңдікте жаңа кеннің тәні табылды. Жүргізілетін зетханалық зерттеулер нәтижелері бойынша оған баға беріледі. Жер бетіндегі геофизикалық зерттеулер жүргізілуде.

«Қазгеология» АҚ және «KOREA RESOURCES CORPORATION»  2014 жылғы наурызда  Қарағанды облысының Дүйсембай учаскесінде полиметалдар барлау жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасады. Барлауға арналған инвестициялар көлемі жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде    $2 млн.  АҚШ долларын құрайды.   

«KOREA RESOURCES CORPORATION» - Корея Республикасы Үкіметінің қатысуы - 99,8%, Корея Республикасы Даму Банкінің қатысуы - 0,2% , оңтүстік кореялық ұлттық корпорация. Компания 1992 жылы құрылды.

Корпорацияның негізгі қызметі Корея Республикасында және одан тысқары жерлерде пайдалы қазбалар кен орындарын өндіруге, тау-кен өнеркәсібін дамыту әрі қолдау жөніндегі жобаларды тиімді басқаруды жүргізу, сондай-ақ минералдық ресурстардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету, Корея Республикасы ұлттық экономикасының дамуына ықпал ету болып табылады. «KOREA RESOURCES CORPORATION» бүкіл әлемде 36 жобаға қатысуда.

 

 

Барлық жаңалықтар