• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ЭКСПО-2017 қатысушыларының еркін қозғалысы үшін жеңіл рельсті көлік салынады

Астанада ЭКСПО-2017 қатысушыларының еркін қозғалысы үшін жеңіл рельсті көлік салынады

21 Қыркүйек, 2015 13:27
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында жаңа көлік жүйесін жасақтауымыз керек, ол көрмеге қатысушылардың әуежайдан көрмеге дейін қатынауын жеңілдетуі тиіс, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов ҚР Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму мен кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында.

Комитет «Қазақстан Республикасының сауда қызметі бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарастырды. Аталмыш заң жобасы аясында жеңіл рельсті көлікті (ЖРК) салу мәселесі талқыланды.

«Аталмыш заң жобасында Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге байланысты мәселелер аталып өтті. Жоба тіркелген құжатнамада міндетті деп көрсетілген», - деді Т. Жақсылықов.

Өз кезегінде, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғатбек Абайдильдин  ескерткендей, халықаралық көрмеге дайындық аясында әуежайдан көрме орталығына дейін ЖРК болуы міндетті.

«Уақыт тапшылығын ескере отырып аталмыш мәселені қарастырылып отыған заңжобасына енгізуді ұсынамын», - деп толықтырды Т. Абайдильдин.

Айта өтейік, «жеңіл рельсті көлік» жобасын Астана әкімдігімен жүзеге асырулуда.

«ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында жаңа көлік жүйесін жасақтауымыз керек, ол көрмеге қатысушылардың әуежайдан көрмеге дейін қатынауын жеңілдетуі тиіс», - деді Т. Жақсылықов.

Естеріңізге сала кетейік, Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға 2 млн астам қонақ келеді деп күтілуде.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар