• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Ержанов: Теңгенің еркін бағамы ҚР-ның экспорттаушы-кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтірді

А.Ержанов: Теңгенің еркін бағамы ҚР-ның экспорттаушы-кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтірді

21 Қыркүйек, 2015 13:04
Теңгенің еркін бағамы ҚР экспорттаушы-кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтіруде дер кезінде қолға алынған шара болды, деп хабарлады ҚР ИДМ индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Теңгенің еркін бағамы ҚР экспорттаушы-кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтіруде Ұлттық банктың дер кезінде қолға алынған жаңа валюталақы саясаты болды. Бүгінде кәсіпорындарға өндіріс көлемін, жұмыс орындарын сақтап қалуға және экспортты арттыруға мүмкіндік берілуде», - деді А. Ержанов.

Оның айтуынша, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне еркін бағам айналымы айтарлықтай қолдау көрсетті.

«ССТКБӨБ тамыз айында тоқтап қалған жентек өндірісін іске қосты. «Қазақстан электролиз зауыты» 2015 жылы 2017 жылға дейін 250 тонна толық қуаттылыққа қол жеткізу үшін өндіріс қуаттылығын арттырды. 2015 жылға есептегенде өсім 10% құрайды. Ал, глинозем өндірісін дағдарысқа дейінгі деңгейге – жылына 1 млн 500 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, жаңа валюталық саясатқа көшу «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік берді. .

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар