- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарының 600-ден астам курсанты әскери ант қабылдады (ФОТО)
Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарының 600-ден астам курсанты әскери ант қабылдады (ФОТО)
Өздерінің тума-туысқандары, командирлері мен курстастары, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы мен ҚР Қарулы Күштері ардагерлерінің көзінше 603 курсант Отанға деген адалдықтарына серт берді. Оның 340-ы Құрлық әскерлері Әскери институты тыңдаушыларының қатарын толықтырды. Жоғары оқу орны үшін бұл алдыңғы жылдар ішіндегі ең үлкен іріктеу болды.
156 бозбала биылғы жылы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына оқуға түсті. Тағы 107 жеткіншек Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери инстиутының курсанттары атанды. Жеткіншектер еліміздің әр өңірінен бір ғана мақсатпен, яғни, әскери жоғары оқу орнына түсіп, қазақстандық армияның сардарлары болуға келді. Әскери ант олар үшін ардақты армандарын жүзеге асыру жолындағы бірінші қадам, бұл нағыз әскери курсанттық өмір басталатын жауапты және толқу сәті.
2014-2015 оқу жылында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын 207 адам тәмамдағанын айта кеткен жөн. 4-уі өздерінің керемет білімдерін растап, алтын медальға ие болды, 13 түлек үздік дилом алды. Құрлық әскерлерінің Әскери институты 368 офицерді түлетіп шығарды, олардың ішінде 18 курсант Қырғыз Республикасы және 8 курсант Тәжікстан Республикасынан. Ал Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының түлектері осы жылдың күзінде жоғары оқу орнын аяқтайды.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру