• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық делегация Кореяда өткен халықаралық стандарттау аптасына қатысты

Қазақстандық делегация Кореяда өткен халықаралық стандарттау аптасына қатысты

21 Қыркүйек, 2015 14:32
Сеул қаласында (Оңтүстік Корея) өткен Стандарттау бойынша халықаралық ұйымы Бас ассамблеясының (ИСО БА) 38 отырысына және ИСО дамушы елдерінің мәселелері бойынша комитетінің (DEVCO) 49 отырысына қатысты, деп хабарлады ҚР ИДМ-нің баспасөз қызметі.

Шараға  «Қазақстан метрология институты» РМК-ның Бас директоры Василий Михалченко, «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның қызметкерлері және ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешев өкілдік еткен қазақстандық делегация қатысты.

Іс-шарада 162 ИСО мүше-мемлекеттердің өкілдері қатысты.

ИСО Бас ассамблеясы отырысына қатысушылары Америка, Ямайка, Франция және Африка тәжіберісінің үлгісінде барлық мүдделі тараптардың стандарттау және құрылудың қарым қатынасын, халықаралық стандарттаудың даму үрдісіне ақпараттандыру және тартылуын  арттыру мәселелерін қарады. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкілдері арасындағы стандарттау жөніндегі жұмыстар талқыланды, стандарттау бойынша аймақтық ұйымдарның есептері, 2016-2020 жылдарға арналған ИСО стратегиясының жобалары тындалды, сондай-ақ, ресми жариялау ағымды жылдың соңында жүзеге асырылатын ИСО 9001 және 14001 стандарттардың жаңа нұсқалары ұсынылды.

ИСО Бас ассамблеясының шеңберінде 2016-2020 жылдарға арналған ИСО дамушы елдерінің іс-әрекет жоспарын, сондай-ақ халықаралық стандарттаудың дамуына әсер ететін және ИСО техникалық жұмыстарына дамушы елдерінің қатысуын ынталандыру факторларын талқылауға арналған DEVCO комитетінің 49 - отырысы өтті.

Сонымен бірге, сапар шеңберінде Біржан Қанешевтің және ИСО Президенті Жанг Ксиаогангтің кездесуі өтті, осы кездесудің барысында 2017-2019 жылдар кезеңіне ИСО Кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасының кандидатурасы ұсынылды. Бұл Қазақстанға халықаралық стандарттау саласындағы саясатты қалыптастыру кезінде ғаламдық мәселелерді шешу бойынша, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде стандарттауды дамытудың мүдделерін ескере отырып, өз идеяларын және әдістемелерін алға бастыруға мүмкіндік береді.

ИСО Бас ассамблеясының жұмысы дискуссия, панельдік және Корея мекемелеріне көшпелі сессия форматында құрылған болатын: "Amore Pacific Corporation" косметикалық  компаниясына және болашақ энергожүйелері, автокөліктің электриқалық компонентері, энергия үнемдеу және фотоэлектриқалық жүйелері саласында маманданатын LS IS Co. Ltd компаниясы. Сонымен бірге, Қазақстандық делегация Корея республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрлігінің ведомствосына бағынысты Корея тестілеу және зерттеу (химия және экология, жасыл технология, азаматтық инженерия және құрылыс, автомобиль және кеме құрылыстары, электротехника және электроника, денсаулық сақтау және т.б. салаларында техникалық консалтингтің қызметтерін  тестілеу (талдау), сертификаттау) институтына барды.

Сонымен бірге, жұмыс кездесулердің нәтижесінде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК және Қытайдың стандарттау бойынша әкімшілігі (SAC) арасында ұлттық стандарттарды өзара тану туралы және оқыту тренингтердің өткізу туралы екі жақты меморандум жасау туралы келісті

Барлық жаңалықтар