ИИДМБ: Әрбір пәнге өндіріске қажетті материалдар енгізіледі (ВИДЕО)

21 Қыркүйек, 2015 11:09
ИИДМБ кадр дайындау аясында әрбір пәнде өндіріске қажетті материалдар көрініс табады. Бұл туралы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Жұмахан Мырхалықов Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

«Бағдарламаның дайындалуы үшін салалық кеңестер құрылды, оның құрамына ғалымдар мен бизнес өкілдері, шетелдік серіктестер енді. Әрбір пәннің бағдарламасына өндіріске қажетті материалдар көрініс табады», - деді ректор.

Оның айтуынша, бағдарламаның ерекшелігі үш тараптың бірден жүзеге асыруында. «Шетелдік серіктестік профессорлары зерттеу  мен өндірістік модульдардың негізін түсіндіреді.  Бас инженерлерге  өндірістік  өзара қарым-қатынас модулі қатысты болады», - деді Ж.Мырхалықов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар