• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астананың байланыс кәсіпорындары 92 млрд теңгенің қызметін көрсетті – ҚР ҰЭМ

Астананың байланыс кәсіпорындары 92 млрд теңгенің қызметін көрсетті – ҚР ҰЭМ

21 Қыркүйек, 2015 10:37
2015 жылғы қаңтар-тамызда қаланың байланыс кәсіпорындары 92288,1 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, деп хабарлады ҰЭМ Статистика комитеті.

2015 жылғы қаңтар-тамызда байланыс қызметінен түскен табыстар құрылымында 61,2%-ын жедел әрекетті байланыс алады, интернет - 21,4%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері - 1,4%, жергілікті телефон байланысы - 2,2%, өзге де байланыс түрлері 13,8%-ды құрады.

Табыстардың жалпы көлемінен 65,5%-ы халыққа байланыс қызметін көрсетуден түсті және 60417,6млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы сәйкес кезеңдегі деңгейден 17,7%-ға төмен. 

Кәсіпорындардың почталық және курьерлік қызмет көрсетуден түскен табысы 2665,4  млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезең деңгейінен  2,5 есеге жоғары.

Барлық жаңалықтар