- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аталып өтті (ФОТО)
ШҚО-да Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі аталып өтті (ФОТО)
Мерекелік шараға орай этноауылда Шығыс Қазақстанда тұратын этностардың өкілдері өздерінің үйлерінің жандарында қонақтарды ән салып, би билеп, салт-дәстүрлерін көрсетіп, дастарханмен қарсы алды.
Өңір басшысы Даниал Ахметов әр этностың үйінің алдына тоқтап, өнерпаздар дайындаған қойылымдарды тамашалап, барлығын Қазақстан халқының тілдері мерекесімен құттықтады.
Шара әр тілде ән шырқалып, өлең оқылған мерекелік концертке ұласты.
«Орыс әндері» ұжымының солисті Любовь Языкова мемлекеттік тілді меңгеруге зейін қойып, болашақта қазақ тілінде еркін сөйлеуді мақсат етіп отырғандығын жеткізді.
«130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерін бір шаңырақ астында жинап отырған Қазақстанда мемлекеттік тілді үйренуге барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, осындай іс-шаралардың арқасында қазақ тілінің қоғамда белсенділігі артып, қолданыс аясы кеңейе түсетініне сенімім мол», - деді орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Любовь Языкова.
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысындағы 9 достық үйінің негізінде 71 этномәдени бірлестік жұмыс істеуде.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде 2015-2018 жылдарға арналған көптілділікті дамытудың Өңірлік бағдарламасы әзірленгендігін атап өте кету керек.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»