- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан логистиканы дамыту жөнінен әлемдегі 40 елдің қатарына енуді жоспарлауда - А. Мамин
Қазақстан логистиканы дамыту жөнінен әлемдегі 40 елдің қатарына енуді жоспарлауда - А. Мамин
9 Қаңтар, 2013 00:00
«Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы өзінің алдына 2020 жылға дейін Дүниежүзілік банктің Логистиканы дамыту индексі бойынша әлемнің 40 елінің қатарына кіру жоспарын қойып отыр, деп хабарлады бүгін темір жол көлігінің 2012 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2013 жылға арналған басым міндеттері туралы өткен мәжілісте сөйлеген сөзіндекомпания басшысы Асқар Мамин.
«Дүниежүзілік банктің Логистиканы дамыту индексінің мақсатты мәнін есепке ала отырып, біз өз алдымызға 2020 жылы әлемнің 155 елі арасында 40- орынға шығуды мақсат етіп қойдық. Ол үшін бізге 2015 жылға қарай рейтингтегі 86-орыннан 50-орынға шығуымызды тез арада қамтамасыз етуіміз қажет», - деді А. Мамин.
Сондай-ақ ол үстіміздегі жылы 410 млрд теңгенің инвестициялық бағдарламасы жүзеге асырылады деді. Бағдарлама 126 локомотивті, 4 172 жүк вагонын, 250 жолаушы вагонын жаңартуды және 726 км жолды күрделі жөндеуден өткізуді және жаңа теміржол желісін салуды көздейді. Сонымен қатар, машина жасау өнімін өндіру көлемі 2013 жылы 250 млрд теңгеге дейін жеткізілмек.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады