• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сингапурлік инвесторларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіншіліктері таныстырылды

Сингапурлік инвесторларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіншіліктері таныстырылды

21 Қыркүйек, 2015 09:13
Сингапур қаласында әлеуетті сингапурлік инвесторларға Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіншіліктерін таныстыру бойынша роуд-шоу өтті, деп хабарлады ҚР ИДМ.

 Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы елшілігі және Singapore Business Federation қолдауымен «KAZNEX INVEST»Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі ұйымдастырды.

Қазақстандық делегацияны ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Рақым Ошақбаев басқарып барды. Делегация құрамына ұлттық компаниялардың өкілдері, бірқатар облыстардың әкімдері, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА және «Тараз химиялық паркі» АЭА-ның, сондай-ақ жеке компаниялардың өкілдері кірді. Сингапур тарапынан іс-шараға елдің жетекші компаниялары мен 100-ден аса ұйымдарының өкілдері қатысты.

Сингапурдегі ҚР өкілі Ерлан Баударбек-Қожатаев іс-шара қатысушыларын Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен, оның ішінде жаңа «Нұрлы жол» экономикалық саясатымен таныстырып өтті. Ол Қазақстан мен Сингапур арасындағы екі жақты қарқынды дамыған қатынасты және 2015 жылдың 16 шілдесінен бастап Сингапурмен визасыз режимді енгізгенін тілге тиек етіп, сингапурлік инвесторларды өзара ынтымақтастық қатынас орнатуға шақырды.

Рақым Ошақбаев сингапурлік инвесторларға инвестициялық артықшылықтарды жаңғырту жөніндегі қабылданып жатқан шаралар  мен жаңа инвестициялар пакеті туралы айтып, Қазақстанның бизнес климатын таныстырды.

Әлеуетті инвесторларға сондай-ақ роуд-шоу аясында Қазақстанның агроөнеркәсіп, химия және мұнай химиясы саласындағы, машина жасаудағы, медициналық жабдықты өндіру, құрылыс материалдарын өндіру,  инфрақұрылым, көлік-логистикалық саласындағы инвестициялық мүмкіншіліктерді таныстырды.

Сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Рақым Ошақбаевпен Olam International Limited, Food Empire Holdings Limited, Changi Airports International Pte.Ltd., AMS Consultants, OOILAYLENG, Tommy Lim және басқа да ірі сингапурлік компаниялардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.

 

Барлық жаңалықтар