- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада «Шұбат-қымыз» фестивалі өтті (ФОТО)
Қызылордада «Шұбат-қымыз» фестивалі өтті (ФОТО)
Бүгінде Сыр өңірінде қымыз-шұбатқа сұраныс артып келеді. «Сондықтан қымызхана желілерін кеңейтіп, қымыз өндіру технологиясын дамыту керек» - дейді мамандар. Расымен найзаның ұшымен, білектің күшімен жерін де, елін де қорғаған қазақ баласы үшін арғымақ аттың орны бөлек. Бүгінде жылқының сүті - ұлтымыз үшін қаржы табудың көзі ғана емес, емдік қасиеті мол өнім саналады. Яғни, ұлттық брендке айналып отыр.
Фестивальге 2 мың литр шұбат, 1500 литр қымыз және сүт өнімдерінен жасалған құрт, ірімшік әкелінген. Сондай-ақ, қазақы нақышта дайындалған қолөнер бұйымдары да көрме төрінен орын алды. Аймақ басшысы көрмені аралап шығып, ұлттық сусыннан дәм татты. Мерекелік шарада қала жастары «Қара жорға» биін билесе, ата-әжелер ұлттық дәстүрлерді көрсетті.
«Төрт түліктің төресі түйе мен Қамбар атаның сусындары түрлі дертке дауа екендігін ата-бабамыз әлдеқашан дәлелдеген. Сол сара жолды жалғап, бүгін қала күні мерекесін ақтан дәм татып бастап отырмыз. Мерейлі мереке құтты болсын», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Фестиваль ұлттық ойындармен жалғасты. Балуандар белдесі, асық ату, гір көтеру, қол күресте мықтылар анықталды.
Жалпы, қала күні мерекесі биыл кең көлемде аталап өтіледі. Қауын-қарбыз, кондитерлік өнімдер және балалар шығармашылығы фестивалі, жас ақындар мүшайрасы, ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, спорттық сайыстар ұйымдастырылып, әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі. Қала күні эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен қорытындыланады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті