- Басты
- Жаңалықтар
- А.Тұрсынбаева тұңғыш Бурабай тарихы мұражайын ашқан (ФОТО)
А.Тұрсынбаева тұңғыш Бурабай тарихы мұражайын ашқан (ФОТО)
«Абылай алаңына қатысты Бурабай тарихы мұражайының негізін қалап, басқарған анам Әмина Дәулетқызы Тұрсынбаевадан естуім бар. Абылай алаңына үш би мен Абылай хан өз әскерімен келген екен. Үш би «осы жерге таққа отырыңыз» деп айтатын көрінеді. Сонда Абылай «мынандай табиғаты әдемі, керемет жер - жылқының тұяғы езгілейтін жер емес, бұл жер тек қана ойын-сауық өткізетін жер» деп айтқан екен. Анаммен бірге жұмыс істегендіктен, осы сөздер жадымда сақталып қалыпты», - дейді Шәмшия Есқара.
«Әмина апа көзі тірі болған кезінде Абылай хан ордасы, Абылайдың ел-жұрты тұрған мекен – «Ханның қызыл ағашы» деген жерге болмай жүріп тас қойғызды. 4 жыл бұрын ресми ашылу да болды. Бұрыннан естіген сөздер ұмытылмас үшін ол тым болмаса тас қойыңдар немесе жазу жазып орнатыңдар деп шырылдады», - деп әңгімеледі Ш. Есқара.
Осындай әңгімелерді жеткізген Әмина Дәулетқызы өмір бойы мұғалім болған. Ол кісі 86 жасқа келгенше тарихты зерттеген. Әмина апамыз жастайынан тарихи тұлғалардың арасында өскен екен.
«1941 жылы соғыс басталғанда ол әп -әдемі 14 жастағы қыз болатын. Сол кезде Ресей Федерациясы Ғылым академиясынан 160 ғылыми қызметкер Бурабайға жіберілген еді, олардың 32-сі Бурабай өлкесінде тоқтады. Бұнда Омбы ақсүйектері саябақтар салған болатын. Барлығы 43 саябақ. Осы саябақтарға ғаламдар орналастырылды. Ғалымдардың қатарында Владимир Иванович Вернадский мен әйелі, Ғалымдар үйі директорымен бірге Максим Горькийдің құрбысы Мария Федоровна келді. Соғыс басталған жылы Әминаның әкесі оған отбасын асырауды тапсырып кетеді. Ол кезде заман қиын болған, аштық, жанұяда 10 бала», - деді ол.
Ш.Есқараның айтуынша, Әмина барлық қиындықтарға төтеп берді. Сол кезде ол ғалымдарға үй шаруасына көмектесіп жүрді. Солардың арасында жүгіріп жүріп, шамасы келгенше көмек жасап, отын, суын әкеп, үйлерін тазалап, үйден сүт апарып береді. Сөйтіп, ол 70-80 жақа келген академиктерге кәдімгідей көмек жасайды.
« Тіпті Вернадский Әминаны тізесіне отырғызып, арқасынан қағып, «осы қызымыздың тәбеті жақсы» дейді екен. Әрине, 41-шы жыл, аштық, сол кезде өте қиын болған», - деп әңгімеледі Шәмшия апамыз.
Оның айтуынша, Қазақстан егемендігін алғаннан кейін өзіміздің тарихымызды көтерейік деп, Абылайдың тұңғыш рет осы Бурабайда атын атаған Әмина апамыз.
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Алтын Орда тарихы неге зерттелмеді -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді -
Тәуелсіздік күні: Қарағандыдағы "желтоқсанның" жанды тарихы -
ҚР Тұңғыш Президенті күні: Н. Назарбаевтың үздік бастамалары мен пайдалы шешімдері -
Карантин кезінде қазақстандық туристерге қойылатын талап күшейді ме -
ВИДЕО: Экология министрлігі Бурабай мен Зерендідегі стихиялық қоқыстарға рейд жүргізді -
ФОТО: Бурабайда қоқыс төгетін полигон жоқ. Экология министрлігі рейд жүргізе бастады -
Нұрлан Қабдайұлының тұңғыш кітабы жарық көрді -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)