- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР БҒМ республика бойынша студенттерге жаңа жатақханалар ашты
ҚР БҒМ республика бойынша студенттерге жаңа жатақханалар ашты
Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қарасты М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың Қазақстандық филиалының Студенттер үйі ашылуы өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың Қазақстандық филиалының директоры Александр Сидорович, сондай-ақ екі жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.
«Объективті экономикалық қиындықтарға қарамастан Қазақстанда білім беру саласында инфроструктуралық жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен ЕҰУ-дың жаңа жатақханасын ашып отырмыз, күндіз ертерек Шымкенттегі педагогикалық университеттің жатақханасын аштық. Ертең Алматыда ҚазМемҚызПу-да дәл осындай нысанды ашамыз. Жыл соңына дейін Павлодар университеті және Өскемендегі ШҚҰУ-дың жатақхана құрылысын аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз»,–деді жиын барысында А.Сәрінжіпов.
Мемлекеттік тапсырыспен салынған жаңа жатақханаларда М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың Қазақстандық филиалының және Еуразия ұлттық университетінің студенттері тұрады. 8 354 шаршы метрді құрайтын студенттер жатақханасы 125 секциядан тұрады. Секция екі бөлме, ас үй, жуынатын бөлме және дәретханадан тұрады. Әрбір бөлмеде екі адамға арналған төсек, киім сөресі, жазу үстелі, кітап сөресі, қажетті заттар сөресі, орындықтардан тұрады. Ас үй ыдыс-аяқ сөресі, электрлі плита, газ соратын құрылғы, қол жуатын орын, камералы тоңазытыш және үстелден тұрады.
Студенттер үйінде, сонымен қатар, асхана, кітапхана, жаттығу залы және кір жуатын бөлме бар. Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік тапсырысы бойынша білім алып жатқан М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың Қазақстандық филиалының студенттер үшін тұру ақысы айына 2 513,85 теңгені, ал басқа категориясы бойынша тұрып жатқандар үшін айына 13 000 теңгені құрайды. Айта кету керек, «Бәрі студенттер үшін» жоғарғы оқу орындары бағдарламасына сәйкес Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аумағында 500 орынға арналған жалпы көлемі 8071,16 шаршы метрді құрайтын 9 қабатты студенттер үйі салынып жатыр. Бұл студенттер үйі 2016 жылдың III тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Шымкентте министр Аслан Сәрінжіпов Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының (ОҚМПИ) жаңа жатақханасын ашты. 12 қабатты дәліз үлгісіндегі жатақхана жертөле және техникалық қабаттардан тұрады. 500 орынға арналған тұрғын үй кешені 2 адамға арналған бөлмелерден тұрады. Жатақхана медициналық және медициналық қарау бөлмелерінен, өз бетінше дайындық бөлмелерінен, жазу және компьютер үстелдерінен, кір жуатын машинасы бар кептіру бөлмесінен, үтіктеу, арнайы сөрелері бар кір кептіретін бөлмеден, әрбір қабатқа орналастырылған электроплиталары бар ортақ ас үйден, жұмыс үстелі, жуу орны, тоңазытқыш, микротолқынды пештен, жиһаздардан тұрады. Жатақхана алаңында 22 көлікке арналаған автотұрақ бар.
Алматыда 19 қыркүйек күні сағат 10.00-де білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов және Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде студенттердің пайдалануына арналған үш бірдей нысан салтанатты түрде ашылады.
Дәл осы күні ашылатын екінші және үшінші нысандар – 32 орынға арналған «Аққу» жабық бассейні және «Ақшатыр» жазғы мектебі.2015 жылдың соңына қарай ҚР Білім және ғылым министрлігі студенттерге арналған тағы екі жатахананы пайдалануға бермек: «С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» РМК және Өскемендегі ШҚМТУ-ті.
Бұдан бөлек жоғары қарқынмен тағы үш жатақхананың құрылысы жүріп жатыр: Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, Шымкенттегі №9 оқу корпусының аумағында және Алматыдағы Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың жатақханасы.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру