- Басты
- Жаңалықтар
- Ә.Жақсыбеков: Елорда күн өткен сайын таза әрі көрікті бола түсуде (ФОТО)
Ә.Жақсыбеков: Елорда күн өткен сайын таза әрі көрікті бола түсуде (ФОТО)
«Экологиялық сенбілік өзінің тікелей мақсатынан бөлек – басқа да маңызды мәселелерді қамтиды. Шара «Бұл – менің қалам. Мен өз қаламды таза әрі көрікті етемін!» деген ұстанымдағы адамдарды біріктіреді. Және олардың қатары күннен-күнге артуда. Сондықтан да біздің қала күн өткен сайын таза әрі көрікті бола түсуде. Астана іс жүзінде елордалық мәдениетті қалыптастыруда», - деді Ә. Жақсыбеков.
Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысуда, сонымен қатар 450-ден астам техника жұмылдырды.
Экологиялық айлық аясында Астанада қала аумағын санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аулаіші аумақтарын тазалау жүргізіліп, ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, жаңбыр суы желілері мен арық-науа құбырлары тазартылып, саябақтар мен гүлбақтардағы жасыл көшеттерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар жүргізілді, заңсыз қоқыс орындары мен ластанған учаскелер жойылды.
Сенбілік кезінде астаналықтар тал, үйеңкі, қарағай, шырша, шегіршін, теректердің 4 мыңға жуық түбін отырғызды. Сондай-ақ, мектеп, балабақша, медициналық мекемелердің аумақтарында 3 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Сенбілік барысында астаналықтар жалпы саны 8 мыңнан астам ағаш отырғызды.
Шара аясында студенттер, волонтерлар мен әскерилердің қатысуымен Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасы мен жағасын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізілді.
Еске сала кетейік, 2015 жылғы 7 қыркүйек – 7 қазан аралығында елордада Астана қаласы аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізілуде.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді