• Басты
  • Ақмола кәсіпорындары ЭКСПО-2017 құрылысына қатысатын болады
19 Қыркүйек, 2015 11:03

Ақмола кәсіпорындары ЭКСПО-2017 құрылысына қатысатын болады

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады ұлттық компания.

Ақмола кәсіпорындары ЭКСПО-2017 құрылысына қатысатын болады | Strategy2050.kz

Ұлттық компания басшысы өңірдің әкімі Сергей Кулагинмен кездесті. Облыстың әкімдігі және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында «Отандық тауар өндірушілерді Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын салуға қатыстыру туралы» меморандумға қол қойылды. Құжат жергілікті кәсіпкерлер үшін нағыз қолдау көрсетуге бағытталған.

«Қазақстанның ең жаңа тарихында нақ мемлекеттік бағдарламалар өңірлік бизнеске аман қалып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын құрып, өндірісті ұлғайтуға көмектескен жағдайлар әлденеше рет орын алған. Бұл, мысалы, Бизнестің жол картасы-2020, «Нұрлы жол». Осынау оңай емес заманда осындай қолдау көрсетіп отырған жоба ретінде ЭКСПО-2017 болып отыр. Барлық тапсырыстардың көбін дәл өңірлерде орналастыруға ниеттеніп отырмыз», - деді Ахметжан Есімов шағын және орташа бизнес өкілдерінің алдында сөз сөйлегенде.

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде Ахметжан Есімов өнімнің сапасын өзі көріп, бағалау мүмкіндігіне ие болды. 20-дан астам тауар өндіруші Қазақстанның ең ірі құрылысына құрылыс нарығының кең сұрыпталымы мен жаңалықтарын ұсынды. Экспозицияда қажетті материалдардың барлық дерлік сегменттері ұсынылды: құм, кірпіш, қазандар, құбырлар, металл құрылымдары, өрт сөндіру құралдары, жылыту жүйелері, өлшеу аспаптары, темір бетон бұйымдары, ағаш бұйымдар, гранит, травертин бұйымдар, геотоқыма, тіпті кәдесыйлық сызғыш пен кеңсе шамдалдары.

ЭКСПО бас мердігерлері ықтимал жабдықтаушылармен болашақтағы бизнес әріптестігін Ынтымақтастық туралы меморандумдар мен нақты шарттармен баянды етті.  

«АБК Кұрылыс-1» компаниясы автоклавты газды бетоннан блоктарды шығаратын зауыт – «Жаңа Сервис-2014» ЖШС-імен, қаптауыш керамикалық кірпіш шығаратын зауыт – «ENKI» ЖШС-імен және темір бетон бұйымдар өндірушісі – «РегионСтрой» ЖШС-імен үш ірі шарт жасады.

Кездесу аясында Бірлесіп жұмыс істеу ниеті туралы 11 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, АФФ «Mabco construction s.a.» және құрылыс материалдарын шығаратын облыстың ең ірі бес кәсіпорны қатарына кіретін «Тыныс» АҚ өзара әрекеттесу туралы келісімге келді. Мұның үстіне, «Mabco construction s.a.» табиғи тастан құрылыс бұйымдарын жасауға маманданған «Тұрмыстық химия зауыты» ЖШС-імен және «Интергранитстрой» ЖШС-імен жұмыс істеуге дайындығын білдірді.

Осындай сияқты келісімдерге «Turkuaz YDA Stroy» ЖШС Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен және «Сапа су» ЖШС-імен қол жеткізді.

«Сембол Иншаат» АҚ ақмолалық «Бошан» ЖШС-імен (күйдірілген кірпіш өндіру), «ЦентрПласт» ЖШС-імен (металл құрылымдарын өндіру) және «Көкше» АҚ-ымен (электр санауыштар мен металл құрылымдарды шығару) меморандумдарды жасасты.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды