- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай суретші Р.Қасымжанның көрмесі ұйымдастырылды
Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай суретші Р.Қасымжанның көрмесі ұйымдастырылды
Мұрағаттың құжаттарынан құралған көрмесі, екіншісі - суретші-график, мұрағат қызметкері Рақымжан Қасымжанның осы тақырыптағы «Ұлы дала елінің тарихы» атты көрмесі ашылды.
Суретші-график Рақымжан Қасымжан болса, қазақ батырларының, жылқылар мен қазақ сұлуларының суретін ақ-қара түсте келбеттеп берген.
«Бұл тақырыпта, яғни, қазақтың жаугершілік замандағы бейнелерін, батырлардың келбеттерін, жауынгердің сауыт-саймандарын ақ-қара түсте бұрыннан салып жүрген едім. Міне, Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында көрме өткізудің орайы келіп, 28 суретімді халық назарына ұсынайын деп шештім. Айтайын дегенім, мен осы суреттерді саларда, музейлерге барып, қол өнер шеберлеріне барып, қылыштың қандай болатынын, жауынгердің киімдері қандай болғанын әбден зерттеп алдым. Сондықтан, суреттерімдегі бейнелер шын бейне, шын тарих», - дейді суретші Рақымжан Қасымжан.
Ұлттық мұрағат директоры Марат Әбсеметовтің айтуынша, ұлттық мұрағат көрмесіне тарихи құжаттардың көшірмелері қойылған. «Көрмеге шетел мұрағаттарында, ғылыми мекемелерде тұрған ХVI-XX ғасырлардағы бірегей мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін қойып отырмыз. Әсіресе, Қазақ хандығы кезеңіне қатысты құжаттар өте құнды дерек болып отыр», - дейді ол.
Ұлттық мұрағатта ашылған көрме қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.
Көрмеде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеге 350 көне құжат қойылды. Оның ішінде тарихи құжаттар, әскери іс-қағаздар, сауда-саттық келісімдері бар.Есім мен Хақназар хандардың құжаттары бар.
Айта кетейік, көрменің негізгі мақсаты қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуын насихаттау мен республика қоғамының XVI-XX ғасырдағы құжаттар мен мемориалдарымен таныстыру болып табылады.Көрменің ашылуына мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, ғалымдар, әртістер, елорда қонақтары қатысты.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді