- Басты
- Жаңалықтар
- Семейде Абай оқулары мен жыршылар байқауы өтті (ФОТО)
Семейде Абай оқулары мен жыршылар байқауы өтті (ФОТО)
Аталған Іс-шараларға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің, дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың 5-11 сынып оқушылары - Абай оқуларының және жыршылар байқауының өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер Ел үшін...» І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршыларының байқауының салтанатты ашылуы 9 қыркүйекте Семей қаласының Мәдениет үйінде өткізілді. Қатысушылар екі номинацияда: «Қайратты туған ер еді...» - қазақ батырлық эпостарын жатқа орындау сайысында және «Алатаудай айбатың, Ер екенсің айтулы» - қазақ батырлар жыры бойынша білім сайысында бақ сынасты.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, мақтау қағаздарымен және сертификаттармен, сонымен қатар арнайы жүлделермен марапатталды. Аталған іс-шаралар аясында оқушылар Абай ауданындағы тарихи орындармен: М.Әуезовтың туған ауылындағы мұражай-үйімен, Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйімен танысып, олар үшін Еңлік-Кебектің ескерткішінде, Шілікті кезеңінде, Үңгіртаста театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді