Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеге 350 көне құжат қойылды

18 Қыркүйек, 2015 18:26
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаты мен Есіл ауданының «Нұр Отан» партиясының филиалы Қазақ хандығының 550 жылдығы атты көрмені ұйымдастырды.

Көрмеге Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағатының қорында сақталатын құжаттардың көшірілімі қойылған.

Айта кетерлігі, көрме аясында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған графикалық картиналар жиыны таныстырылды, «Ұлы дала халқының тарихы» атты Рақымжан Қасымжанның жинақтары таныстырылды.

«Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында барша Қазақстан бойынша шаралар өтуде, бұл орайда Ұлттық мұрағат та шет қалмады. Бүгін көне құжаттарды қойдық, олар «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Мажарстан, Франция, Италия, Қытай, Иран елдерінен жеткізілді. Біз Р.Қасымжанның 30 картинасы мен 350 құжат қойылды», - деді Ұлттық мұрағаттың бас директоры  Марат Әбсеметов.

Көрмеде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмеге 350 көне құжат қойылды. Оның ішінде тарихи құжаттар, әскери іс-қағаздар, сауда-саттық келісімдері бар.Есім мен Хақназар хандардың құжаттары бар.

Айта кетейік, көрменің негізгі мақсаты қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуын насихаттау мен  республика қоғамының XVI-XX ғасырдағы құжаттар мен мемориалдарымен таныстыру болып табылады.Көрменің ашылуына мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, ғалымдар, әртістер, елорда қонақтары қатысты.

Индира Кауметова



 

 

 

 

 

 

 
Барлық жаңалықтар