ҚазМұнайГаз шағын және орта бизнестің басқаруына 143 ЖЖБ өткізді

19 Қыркүйек, 2015 10:02
«ҚазМұнайГаз – өңдеу-маркетинг» АҚ шағын және орта бизнестің басқаруына 143 ЖЖБ өткізді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазМұнайГаз – өңдеу-маркетинг» АҚ бас директоры Д. Тиесовтың ақпараты бойынша, компания трансформациясының «Дайындық және жұмылдыру»  кезеңін аяқтады, арнайы топ жасақталды, басқарманың ұйымдастыру құрылымы жасақталды, «ҚазМұнайГаз – өңдеу-маркетинг трансформация жол картасы бекітілді.

Трансформаияның бір бағыты ЖЖБ «ҚазМұнайГаз» брендін сақтай отырып жекеменшікке өткізу болып табылады. Бүгінде ҚазМұнайГаздың 324 АЗС желісі бар, оның ішінде  143 станция жекеменшікке берілді. Осы ретте, басымдық шағын және орта бизнеске берілді, бір қолға үш ЖЖБ-дан деген шарт  бойынша өткізілді.

Болашақта франчайзинг жүйесін енгізу жоспарлануда – яғни «ҚазМұнайГаз» брендіне жекеменшік станцияларды тарту. 

Барлық жаңалықтар