- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы НЗМ-да Катардағы Дүниежүзілік олимпиадаға ұсынылатын робот техникалары анықталуда
Астанадағы НЗМ-да Катардағы Дүниежүзілік олимпиадаға ұсынылатын робот техникалары анықталуда
Олимпиада робот тхникасының WRO (World Robot Olympiad) Дүниежүзілік олимпиада тәртіптері бойынша 10-18 жас аралығындағы балалар арасында 2004 жылдан бері өткізіліп келеді.
«Балалардың әр түрлі прототипі жиналған, бұл теңіз және мұнай мұнарасы. Мен мұндай туындыларды олар қалай ойлап шығаратынына таң қалдым. Робот техникасы бізде жаңашыл бағыттардың бірі болғандықтан, биыл 170 бала ақпараттық технологиялар мен робот техникасымен байланыстырған саланы таңдап отыр. Сайыс балалардың кәсіптік бейімделуін де анықтайды», - деді «Назарбаев зияткерлік мектебі» АҚҰ басқарма төрағасының орынбасары Светлана Испусинова.
Биыл сайыс сегіз категория бойынша өтуде: Regular Elementary, Regular Junior High, Regular High School, Open Elementary, Open Junior High, Open High School, роботтар футболы мен студенттік категория. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 90 командадан тұратын 152 оқушы қатысуда.
С.Испусинованың айтуынша, жеңген командалар Қазақстан намысын осы жылдың қарашасында Катарда өтетін Дүниежүзілік олимпиадада қорғайды. Сайыс алдында Астана НЗМ арнайы дайындықтан өтеді.
«Өткен жылы сайысқа қатысқанымызда көптеген мәселелер түсініксіз болды, қазір тәжірибе бар, арнайы дайындалатын боламыз», - деді ол.
-
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме -
АХҚО: Қаржы және экономика салалары бойынша олимпиадаға кімдер қатыса алады -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
Елордада тәулігіне 500 адамнан коронавирус анықталуда -
1 желтоқсан – дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Екінші дүниежүзілік соғыс: тарих пен тағылым -
Дүниежүзілік банк 2020 жылы экономикалық өсу қарқынының біршама азаюын болжайды -
С.Сәпиев: Токиода өтетін олимпиадаға 14 спорт түрінен 25 лицензия бар -
Астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 40 млрд теңге бөлінді -
Цифрлық Қазақстан: Адам ба, әлде, робот па? -
Мемлекет басшысына елордада Дүниежүзілік сауда орталығының ғимаратын салу жөніндегі жоба ұсынылды -
Астанадағы ерекше балалар жазғы демалысын қалай өткізуде -
АХҚО дүниежүзілік қаржы әлемінің ең перспективалы даму бағытындағы қызметтерді көрсететін болады – Б.Сағынтаев -
Елбасы Астанадағы жаңа нысандарды аралады