- Басты
- Жаңалықтар
- Прокуратура органдарының қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру байқауына қатысты
Прокуратура органдарының қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру байқауына қатысты
Байқаудың мақсаты – мемлекетіміздің тіл саясатын қолдау, прокуратура органдарында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қызметкерлердің іс жүргізуде және күнделікті өмірде қазақ тілін белсенді қолданулары үшін қажетті жағдай жасау.
Байқауға Астана қаласы прокуратурасының, Бас әскери прокуратура мен Бас көлік прокуратурасының және облыстық прокуратуралардың, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің өкілдерінен құралған 18 команда қатысып, сайысты бәйгеге түсті.
Әр команда мемлекеттік тілді білу, оны кәсіби қызметте қолдану дағдыларының жоғары деңгейін көрсете білді. Олар түрлі қызметтік жағдайларда, қажетті құжаттар дайындауда өз ойларын сауаттты баяндау арқылы жарысқа түсті. Сонымен қатар қазылар алқасы прокурорлардың сот процесіндегі мемлекеттік айыптау сөзінің шешендік мәдениеті мен сапасын бағалады.
Сонымен қатар, байқауға қатысушылар Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты сахналандырылған көрініс көрсету барысында Қазақстан тарихы туралы баяндай отырып, шешендік шеберліктерін шыңдай отырып, бақтарын сынады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, ал жеке өнерімен сайысқа түскендер түрлі номинациялар бойынша алғыс хаттармен марапатталды.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары