- Басты
- Сенаторлар Астана-Теміртау автожолының қайта жаңғыртылу барысымен танысты
Сенаторлар Астана-Теміртау автожолының қайта жаңғыртылу барысымен танысты

Сенаторлар құрылыс алаңдарында болып, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жол құрылысындағы мердігер ұйымдарының жұмысымен танысты. Автомобиль жолының салынып жатқан бөліктерінде болған кезде акционерлік қоғамның облыстық филиалдары мен мердігер ұйымдардың басшылары атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Темірхан Меңдіғалиевтың айтуынша, Астана мен Теміртау арасындағы автомобиль жолындағы жаңғырту жұмыстары «ЭКСПО-2017» көрмесіне орайластырып, 2016 жылдың аяғында толық аяқталады. Автомобиль жолы І техникалық санат көрсеткіштері бойынша салынады және 4 жолаққа дейін кеңейтіледі. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін автомобильдердің қарсы бетке шығып кетпеуі үшін кедергілер орнатылады, сөйтіп жол-көлік оқиғалары елеулі түрде азаятын болады.
Сенаторлар және компания өкілдері жұмыс орындарын сақтау мәселелерін де талқылады. «Барлық мердігер компаниялармен уағдаластыққа қол жеткізілді, қазіргі кезде біздің компания жергілікті атқарушы органдар мен мердігер ұйымдар арасында қол қою үшін жұмыс орындарын сақтау туралы бірқатар меморандумдар әзірледі», - деді Т.Меңдіғалиев.
Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында мердігер ұйымдар жұмысқа автомобиль жолына жақын жердегі елді мекендердің тұрғындарын тартып отыр. Кездесу соңында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары атқарылатын жұмыстардың белгіленген кестесі мерзімінде орындалып отырғанын атап өтті.
Ол сондай-ақ депутаттарға Астана мен Теміртау арасындағы жаңа автомобиль жолының сапасы барлық стандартқа сәйкес келетінін айтты. Парламентшілер құрылыс жұмыстарының барысына қанағаттанғандық білдірді және басталған жобаларды табысты аяқтауға тілектестігін жеткізді.
-
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек
-
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ
-
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жанданды
-
«ADAL» саяси партиясы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды
-
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды
-
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр
-
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр
-
Әлемдегі эпиджағдай күрделі: Франция мен Германияда қайтадан карантин жарияланды
-
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа құрылғымен таныстырды
-
Білім және ғылым министрі Білім күнінің сценарийімен таныстырды

