Павлодар облысы ай сайын Мәскеуге 2 мың тонна ет экспорттайды

18 Қыркүйек, 2015 15:17
Ресейлік «Москворецкий торговый дом» компаниясы және павлодарлық «Абай» ЖШС арасында Мәскеу облысына ай сайын тұрақты түрде 2 мың тоннаға дейін ет жеткізіп тұру жөнінде келісім жасалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастық перспективалары» атты көрмеге «Рубиком» ЖШС, «Smak PV» ЖШС, «Кэмми» ЖШС және «Сағып» ШҚ сынды аймағымыздың ірі өңдеуші кәсіпорындары қатысты. 

Аталмыш форум аясында сондай-ақ ынтымақтастық жөнінде бірқатар келісімдерге қол қойылды. Атап айтсақ, Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев Омбы облысының губернаторы Виктор Назаровпен, сондай-ақ Удмуртия Республикасының басшысы Александр Соловьевпен халықаралық және сыртқы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, мәдени және басқа да салаларда байланыс жасасу жөнінде келісімдерге қол қойысты.

Барлық жаңалықтар