Қазақстанда өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі енгізіледі

18 Қыркүйек, 2015 12:42
Қазақстанда инвестициялық келісім шарттар мен өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі енгізіледі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта біз заңнаманы ДСҰ талаптарына сәйкестендірудеміз. Біздерде 2017 жылдың 1 қаңтарынан еркін кеден қоймасы режімі жойылуы тиіс. Біз осы жылы, 2016 жылы аталған режімді, еркін кедендік қойма жеңлдікті режімін пайдаланатын біздің инвесторларымыз инвестициялық келісімшарттар режіміне көшіп, іс жүзінде сол кедендік жеңілдіктерді алу үшін барлығын жасауымыз қажет», - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, тағы бір жаңалық өндірушінің жауапкершілігін кеңейту болмақ. Бұл тәжірибе дамыған елдерде, Қазақстанның серіктестері Ресей мен Беларусьта баяғыдан бар. 

«Бұл - өндірушінің шығару, пайдалану, кәдеге жарату және қайта өңдеу жауапкершілігі. Пайдаланылғаннан кейін өз өнімдерін қайта өңдеуді өндірушінің өзі жүргізе алады немесе ол кәдеге жарату мен қайта өңдеу қаржыландырылатын арнайы қорға қаржы төлейді», - деді ол.

Сондай-ақ, А.Рау автомобиль туралы айтып өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда 4 млн жеңіл автокөлік  қолданыста жүр, оның 2 млн-нан артығы 18 жастағы балалар. Батыста мұндай көліктер мүлдем жүрмейді. Сондықтан, 90-шы жылдары әкелген автокөліктер жойылуға жіберіледі», - деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар