- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте ауыл шаруашылығы мен МЖӘ туралы заң жобасы қаралады
Мәжілісте ауыл шаруашылығы мен МЖӘ туралы заң жобасы қаралады
Халық қалаулылары ілеспе құжаттармен, ауыл шаруашылығы кооперациясы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобаларын бірінші оқылымда қарайды.
Сонымен қатар мәжілісмендер назарына жер кодексіне, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, халықты әлеуметтік қорғау, дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты мәселелер бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарау ұсынылып отыр. Осы күні депутаттар Мемлекеттік рәміздер туралы Конституциялық заңына және электр энергетикасы мәселелеріне қатысты түзетулерді талқыламақ. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарайды.
Олар: Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау, есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібі, Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы үкіметаралық және 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын кұру туралы Марракеш келісімдерін, сонымен қатар, Мажарстанмен және Монако Князьдігімен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялау.
Мәжіліс жұмысқа қабылдайтын құжаттар қатарында, мәдениет мәселелері бойынша түзетулер, сонымен қатар, Қазақстан мен Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді және іске асыру хаттамасын, Латвиямен Адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді, 2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге түзетулерді ратификациялау туралы заң жобалары бар. Сондай-ақ, жалпы отырыста мәжілісмендер ілеспе құжатпен азаматтық процестік кодексінің жобасына Сенат енгізген түзетулерді талқыламақ.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді