- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери байланысшылар жаңа техниканың көмегімен байланыс тораптарын өрістетті (ФОТО)
Әскери байланысшылар жаңа техниканың көмегімен байланыс тораптарын өрістетті (ФОТО)
Жаттықтыру Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының басшылық етуімен ҚР ҚК-нің жауынгерлік даярлығы бойынша негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өтті.
Жаттықтыруды өткізуге 15 әскери бөлім мен байланыс бөлімшесі, 1 185 әскери қызметші және 423 бірлік техника тартылды. Әскери байланысшылар марш жасады, байланыс тораптарын өрістету және жинауды, қашықтығы 600 шақырымнан асатын тропосфералық байланыс желісін құруды пысықтады. Байланыс тораптарын өрістету барысында жаңа үлгідегі байланыс құралдары қолданылды.
Штаб басшылығы байланыс бойынша жаттықтырудың өткізілуін жаңа байланыс құралдарының елеулі басымдылығын атап өтті. Жаңа техникада өрістету уақыты, өткізу қабілеттілігі, ескі үлгідегі аппаратурамен салыстырғанда байланыс сапасы жақсартылған. Барлық жаттықтыру іс-шараларын «үздік» деген бағаға орындаған 44793, 48411 және 78460 әскери бөлімдері жеке құрамының іс-қимылдары жақсы жағынан атап өтілді. Штаттық техниканы пайдалану және байланысты қамтамасыз ету, шешім қабылдауда бірқатар әскери қызметшілер керемет білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі мәселелері әскери бөлімдермен ескертулерсіз пысықталды. Кешенді жаттықтыруды өткізу мерзімінің тығыздығына қарамастан, байланыс тораптарын өрістету және арналарды жинақтау алынған өкімдерге сәйкес толық көлемде жүзеге асырылды. Іс жүзінде әртүрлі кіріспелер мен байланыс тораптарының алмасуы орындалды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары