• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Тельнов: Қазақстан ДСҰ-ға ену арқылы әлемдік экономикалық жүйенің теңқұқылы мүшесіне айналды

В.Тельнов: Қазақстан ДСҰ-ға ену арқылы әлемдік экономикалық жүйенің теңқұқылы мүшесіне айналды

18 Қыркүйек, 2015 12:13
ҚР-ның ДСҰ-ға енуі туралы келіссөздер 19 жыл бойы жүргізіліп келді. 2015 жылдың 22 маусымында Женевада жұмыс тобының соңғы отырысы өтіп, ресми түрде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі туралы келіссөздердің аяқталғаны туралы хабарланды. Тілшіміздің материалында еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына енгеннен кейін қандай өзгерістер болатыны туралы сарапшылардың пікірі келтірілген.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

-  Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу біздің экономикамызды жаңа көкжиектерге бастайды. Кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына шығуын қамтамасыз етеді. Ал тұтынушылар үшін тауарлар мен қызметтердің кең ауқымына таңдау жасауға жол ашады. Бүгінде сауда-саттығымыздың 90 проценті Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерге тиесілі. Қазақстан шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер туады. Біз бұл нәтижеге жету үшін 19 жыл табанды түрде жұмыс жүргіздік, келіссөздер оңай болған жоқ. Осы жылдары біздің үкімет және сарапшыларымыз елімізге тиімді шарттарға қол жеткізу үшін талмай еңбек етті. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын ұштастыра алдық. Бұл ретте ұлттық мүдделерімізді де қорғай білдік. ДСҰ-ға мүше болу  күллі Қазақстанның жеңісі. Бұл  еліміздің жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы. Ұйым мүшелігіне Бес халықтық реформаны іске асыруға кіріскен кезеңде қадам басуымыздың символдық мәні бар.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юрий Тимошенко:

- Қазақстан ДСҰ-ға кірген соң қызмет алқабы кеңейіп, бәсекелестік күшейе түседі. Ал бәсекеліктік дегеніміз не? Бұл жаңа идеялар, жоғары технологиялар, ең бастысы өнімдер мен қызметтердің сапасы. Бүгінде біз кейбір бағыттар бойынша Ресейдің өзінің алдын алып отырмыз. Мысалы әлеуметтік жобалар, заңнама бойынша, өнеркәсіп саласы бойынша да заман ағымынан қалмай келеміз. Қазақстан ДСҰ-ға кірген соң отандық кәсіпкерлер үшін сауда алаңы кеңейеді, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдері үшін. Осы ретте Қазақстанда бидайдың қажеттілігін айтса болады, өйткені оның құрамында клейковина көп. Бидайдың қатты сорттарын бізден Ресей мен Италия сатып алады. Бұған қоса ет, сүт өнімдері мен кондитерлік өнімдерді мысалға келтіруге болады

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов

- Қазақстанның ДСҰ-ға енуі өте маңызды. Оған ену жіті зерттеуді қажет етті. Қазақстандық бизнес ДСҰ аясындағы бәсекелестікке төтеп бере алуы тиіс. Біз дамушы мемлекет болып табыламыз, сондықтанда бізге қолайлы жағдайлар көбірек жасалады деген ойдамын. Тұтынушылар сапасы жоғары әлемдік тауарларды арзан бағамен сатып алатын болады. Бұл тек жай адамдарға ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдеріне тиесілі. Олар өздеріне қажетті құрал-жабдықтарды шет мемлекеттерден импорттайды. Оның үстіне еркін сауда, саясатты жұмсарту бәсекелестікті дамытуға сеп болады, бұл ДСҰ-ның басты мақсаты. Тек Дүниежүзілік сауда ұйымы арқылы ғана Қазақстан өзіне күллі әлемдік нарықты аша алады. ДСҰ арқылы әлемдік сауданың 98% өтеді. Егер біз оған енбегенімізде одан ары тауарларды белгілі бір кедергілер арқылы алар едік. Бізге бұл қаумыдастықта болу өте пайдалы. », - деп қадап айтты депутат.

Еуразиялық ықпалдастық институтының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов:

-Бұл үрдіс 19 жылға созылды, енді Қазақстанда әлемдік экономика жүйесінің толыққанды қатысушысы атанды. Бұл біздің тарих пен мүмкіндігіміз үшін өте маңызды сәт. Әлемдік саудадағы бәсекелестер болып саналатын Грузия, Молдавия, Қырғызстан, Тәжікстан елдері де ДСҰ құрамында. Мәселен, Ресей 18 жыл ДСҰ құрамына енді. Қазақстанның ДСҰ құрамына енуі  ұзақ үрдіс болды, бізге белгілі талаптар қойылып, олар қайта қаралды. Осы уақытта заңнаманың әзірленуі жүргізілді. Қазақстан әлемдік нарыққа өтіп, ДСҰ-ның 162-ші қатысушысы болды.«Тауарлардың үлкен бәсекелестігі болады, ол бағаға қысым түсіреді, қорытындысында біздің тауарға деген баға түсуі мүмкін. Әр түрлі салаларға 5 жылға дейін өту мерзімі бекітіледі, осы уақыт ішінде мемлекеттік қолдауды алып, қолдаудың өзге түрлерін енгіземіз. Қазақстан ЕАЭО-да тәжірибе жинады, оған дейін Кедендік одақта алған тәжірибе бар, қазақстандық тауарларға деген талап  халықаралық тауарға сәйкес жүргізілетін болады. ҚР Президенті Н.Назарбаев атап өткендей, егер біз дамыған 30 елдің қатарына енгіміз келсе, экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттарының дәрежесіне шығуымыз қажет.

«Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ басқарушы директоры Әділхан Арыстанов:

- Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі біздің тауар өндірушілер үшін үлкен сын болмақ, алайда біздің агенттік қол қусырып отырған жоқ. Біз халықаралық тәжірибені зерттеудеміз, мәлімметтерге сәйкес, ДСҰ-ға мүше бірде-бір мемлекет өздерінің өнім өндірушілерінен бас тартқан жоқ. Біз қарап, дайындап жатқан қолдау шаралары бар, олар Қазақстанның өзіне алған келісімдеріне қайшы келмеуі керек. ДСҰ аясында келісімдер аясында 6 жылдық өтпелі кезең бар.  Осы уақытта біздің кәсіпорындар ұмтылып, өздерінің тауарларының сапасын арттырулары, өздерінің бәсекеге қабілетті екендіктерін көрсетулері керек.  

Барлық жаңалықтар