• Басты
  • Жаңалықтар
  • Нұра мен Шет ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер кілттері табысталды

Нұра мен Шет ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер кілттері табысталды

18 Қыркүйек, 2015 20:29
Нұра мен Шет ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер кілттері табысталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұра ауданында табиғи апат салдарынан 77 үй зардап шекті, сарапшылық комиссия соның 27-сін (29 пәтер) апатты және тұруға жарамсыз деп таныды.

Бұл үйлер құлатылып, тұрған жерлерінде жаңа үйлер салынды. Құрылыс Кертінді, Тассуат, Көбетей, Майоровка және Щербаковский ауылдарында жүргізілді.

Бүгінде барлық үйлер кестеге сәйкес тапсырылған».Құрылысқа 195,4 млн. теңге бюджеттік қаражат жұмсалған.

Бұдан басқа, зардап шеккен аудан тұрғындарына жоғалтқан мүлігі үшін жалпы сомасы 19,9 млн. теңгеге өтемақы төленді. Сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсетілген.

 

Барлық жаңалықтар