Алматыдағы жәрмеңкеге аграрилер 280 тонна өнім жеткізеді

18 Қыркүйек, 2015 20:43
2015 жылдың 19 қыркүйегінде қалада Алматы облысы ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматылықтарға 50-ден астам өнім түрлері  ұсынылады. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына бұл күні 105 тонна жеміс, көкөніс, 93 тонна ет,  22 тонна сүт өнімдері, жалпы құны 115 млн. теңгенің өнімдері жеткізіледі.

Жәрмеңкеге Алматы облысының 16 ауданы мен Талдықорған, Қапшағай,  Текелі  қаларынан 280 тонна экологиялық таза және сапалы өнім әкелінеді.

Барлық жаңалықтар