- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталында «Бір шертумен төлеу» сервисі іске қосылды
Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталында «Бір шертумен төлеу» сервисі іске қосылды
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлағандай, егер төлеудің стандарттық тәсілі кезінде пайдаланушыға әрбір ашқан сайын карта иегерінің атын, оның толық 16-таңбалы нөмірін, жарамдылық мерзімін, CVV және 3DSecure кодын енгізу, сондай-ақ хабарламаны жөнелту үшін электрондық адресті және телефон нөмірін көрсету қажет болатын, алайда төлеудің жаңа жеңілдетілген тәсілі қажетінше қаупсіздіктің кодтарын енгізуден басқа жоғарыда көрсетілген барлық қадамдарды алып тастады.
Енді пайдаланушыға тез төлеудің екі нұсқасы қолжетімді: CNP Processing есептік жазбасы немесе eGov төлемдер үшін бұрын іске асырылған картаның сақталған деректерін пайдаланумен. Қазір жүйе салықтар, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл, өсімдер, мемлекеттік баж салығы және басқалар сияқты тек бюджетке төлемдерді тез төлеуге мүмкіндік беретіндігін атап өтеміз.
Бірінші тәсіл арқылы пайдаланушы «Бір шертумен төлеу» таңдайды, одан кейін оған тіркелуді және өзінің карточкасының деректерін сақтауды ұсынады. Кейін төлемді жүргізу үшін есептік деректерді (логин және пароль) енгізу және «үнсіз келісім бойынша картамен төлеуді таңдау жеткілікті.
Екінші нұсқа кезінде төлеуші ұсынылатын тізімнен өзінің картасының бұрын сақталған құпияланған нөмірін (соңғы 4 цифры бейнеленеді) таңдайды және CVV кодты енгізеді, сондай-ақ 3DSecure карта үшін онлайн транзакция кезінде қосымша қорғау орнатылған.
«processing.kz төлем беті Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Біз PCI DSS сертификатталуынан өттік және тоқсан сайын тиісті аудиттен өтеміз. Processing.kz 3D Secure хаттамаларын пайдаланады, барлық төлем беттері SSL- шифрлауды қолдайды», - деп CNP Processing GmbH бас менеджері Константин Горожанкин түсініктеме берді.
Қазіргі кезеңде сервис Android және iOS платформаларында электрондық үкімет және мобильдік қосымша порталының барлық пайдаланушыларына қолжетімді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы