- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді жетілдіру мәселесі талқыланды
Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді жетілдіру мәселесі талқыланды
ҚР Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшелерімен әзірленген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң жобасының аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттердің бұл фазасына тән ерекшеліктер жалпыхалықтық сипатта болып, сыбайлас жемқорлық саясаты субъектілірінің серіктестігіне негізделіп, сыбайлас жемқорлықты алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен адамгершілік принциптері болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзған субъектілердің шеңбері кеңеюде. Сондай-ақ жеке және квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық туралы айта кеткен жөн», - деді Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы Фракциясының мүшесі, Светлана Бычкова.
Айта кететін жайт, аталмыш заң жобасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, Елбасының «Ұлт Жоспары – Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» жобасының 13 Қадамын іске асыру аясында әзірленген.
«Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалары қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікке, оның себеп-салдарын жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
Өз сөзінде Мәжіліс депутаты С. Бычкова заң жобасының мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою мен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екенін айтты. Сондай-ақ, мемлекеттік аппарат пен өзге де салалардағы сыбайлас жемқорлықтың туындауынан болған қауіптен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Атап айтқанда, заң жобасында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жайлы жаңа көзқарас енгізіледі. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясындағы мониторинг, сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәуекелдерді талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен шектеулер сияқты жаңа шаралар енгізіледі.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң жобасы мақұлданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктерін жетілдіру жөніндегі шаралар ұсынылды.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау