- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл сайын Оңтүстік Қазақстанда 50 мектеп салынатын болады
Жыл сайын Оңтүстік Қазақстанда 50 мектеп салынатын болады
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұғалімдерге мемлекет тарапынан жасалатын көмек мәселесін ыждағаттылықпен тыңдаған еліміздің бас мұғалімі бұл ұсыныстың жан-жақты қаралатынын айтты.
Облыстың білім саласындағы түйткілді проблемалары мен біліктілігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері сөз болған жиында аймақ басшысы еліміздегі әрбір үшінші «Алтын белгінің» иегері Оңтүстіктен шығатынын, ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 78,8 болып, білім саласы бойынша республика көлемінде алдыңғы қатарда екенін айтты.
Облыстағы жоғары көрсеткіштерді растаған Білім министрі өңірдегі 11 жоғарғы оқу орнының студенттері Студенттер лигасы спартакиадасында да белсенді екенін ризашылықпен мәлімдеді. Оңтүстікке жасаған сапары барысында Білім министрі ОҚО Мемлекеттік педагогикалық институтындағы жаңа Студенттер үйінің ашылу салтанатына қатысты.
500 орынға лайықталған 12 қабатты студенттер үйін салуға мемлекеттік бюджеттен 1 миллард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Мұнда болашақ педагогтар үшін барлық жағдай жасалған. Нысан ішінде кітапхана, асхана, арнайы медициналық кабинеттер, химиялық тазарту бөлімшесі, шаштараз және тағы басқа қызмет көрсету бөлімдері ашылған.
Қазақстанда теңдесі жоқ жатақханада болған Аслан Сәрінжіпов әрбір оқу орнының маңында ақпараттық технологиялық орта құрылып, WiFi желісі тегін тартылуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ, жоғарғы оқу орындарының жанында алкогольсіз дәмханалар жұмыс істеуі керек деген пікірін де жеткізді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі