- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында туристік-сауықтыру қызметінің көлемі 1151,6 млн теңгені құрады
Алматы облысында туристік-сауықтыру қызметінің көлемі 1151,6 млн теңгені құрады
«Алматы облысының табиғаты мен жер аумағы туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылдың I-жартыжылдығындағы туристік-сауықтыру қызметін көрсету көлемі 1151,6 млн. теңге, бұл өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 1,7 есеге артық», - деді ол.
Облыс аумағындағы Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын тиімді пайдалану мақсатында оларды дамытудың бас жоспары дайындалды. Онда электр жүйесі тартылуда. Алакөл ауданының Ақши ауылындағы демалыс базаларына автомобиль жолын салу және кәріз жүйесін жүргізу жоспары бар.
320 орынға арналған қонақ үй мен 500 адамға арналған демалыс аймағы құрылыстарының жобасы іске асырылуда. Сонымен қатар жаз мезгілінің басталуымен көлге қатынайтын жолаушылар тасымалдауға арналған теміржол бағыты ашылды.
«Оған жергілікті бюджеттен 63 млн. теңге бөлінді. Одан бөлек Үшарал қаласының әскери әуежайын азаматтық мақсаттағы ұшақтардың ұшып-қонуына пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта арнайы жер аумағы бөлініп, жобаның техника-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға 25 млн. теңге қарастырылды, - деп атап өтті.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері