• Басты
  • Жаңалықтар
  • БЖК-2020: Астана дәріханаларында фармацевттердің жұмысын жеңілдету үшін арнайы машина іске қосылады

БЖК-2020: Астана дәріханаларында фармацевттердің жұмысын жеңілдету үшін арнайы машина іске қосылады

17 Қыркүйек, 2015 20:06
«Aster Lab Solitions» ЖШС 3 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант алды. Грант қаражатына компания техника үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді жасақтады, ол ағымдағы жылдың қазан айында Астана дәріханаларында пайда болады және фармацевттердің қызмет көрсетуін жеңілдетеді, деп хабарлады «Aster Lab Solitions» ЖШС президенті Асел Нұрымбетова журналистерге арналған баспасөз турында.

«Біздің компания фармацевтика нарығы үшін автоматтандырылған жүйені жасақтаумен айналысады. «Даму» қорынан грант алдық, бүгінде бізге қазақстандық дәріханалардан 5 тапсырыс келіп итүсті. Машина іздестіру жүйесі іспетті жұмыс істейді, оның басты міндеті – дәрішінің жұмысын жеңілдету. Оның үстіне ол дәріханалардағы кезекті жылдам жіберуіне көмектеседі», - деді А. Нұрымбетова.

Қазақстанның ДСҰ-ға кірген жағдайында іздестіру машинасының мәліметтеріне деген қажеттілік өте жоғары болмақ, себебі еліміздегі дәріханаларда 6 мыңнан астам өнім түрлері пайда болады.

Сонымен қатар хабарланғандай, бірінші аппаратты сатқаннан кейін түскен қаражатқа екінші аппарат жасақталды. Осындай машиналардың 5-уі  Қызылорда мен Павлодарда және өзге қалаларда жұмыс істейді. Ал, Астанада аталмыш «Evotec» аппараты ағымдағы жылдың қазан айында іске қосылады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар