- Басты
- Жаңалықтар
- Ақордада мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау жүйесін жаңғыртуға арналған жоспарды әзірлеу барысы талқыланды
Ақордада мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау жүйесін жаңғыртуға арналған жоспарды әзірлеу барысы талқыланды
Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, комиссия отырысында Мемлекеттік рәміздерді, соның ішінде елді мекендердің, қалалардың, аудандардың, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың рәміздерін қолдану мен насихаттау жүйесін жаңғырту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған жоспарды әзірлеу барысы туралы ақпарат тыңдалды. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия бұл құжатты Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындау аясында әзірлеген.
Г.Әбдіқалықова Жоспардың басты мақсаты қазақстандық бірегейлікті және бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жүйесін жаңғырту екенін айтты.
Қазақстан жолының топтастырушы құндылықтары «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асырудың негізі болып саналады. Олар: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана; ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрияландыру және инновация негізіндегі экономикалық өсу; тарихтың, мәдениеттің, тілдің ортақтығы; ұлттық қауіпсіздік пен жалпы дүниежүзілік және өңірлік проблемаларды шешу ісіне еліміздің жаһандық тұрғыда қатысуы.
Бұл ретте азаматтық қағидатқа құрылған қазақстандық бірегейлік пен бірліктің маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік рәміздерді қолдану мәселесі болмақ.
Жоспарды әзірлеу барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибелері зерделенді.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларына жаңғырту жөніндегі іс-шаралар өткізу және мемлекеттік рәміздер саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ ақпараттық насихаттау мәселелеріне назар аудару тапсырылды.
Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды