Елордалық студенттерге макарон өнімінің жасалуы таныстырылды (ФОТО)

17 Қыркүйек, 2015 19:43
Астанада «Жастар ел үшін!» партиялық жоба аясында инновациялық технологиялар колледжінің студенттері елордалық макарон өндіретін ірі кәсіпорын «Цесна-Мак» ЖШС-ға барды.

Өндірістік цехтарда болып, макарон өнімдерінің дайындалуын өз көздерімен тамашалау технологиялық үрдістің қыр-сырын көрсетеді, деп хабарлады «NADLoC» баспасөз қызметі.

Жастарды кәсіпорынның технологиялық жабдықталуы қызықтырды, инновациялық әзірлемелерді қарады.

«Мен үшін франзуздық қондырғылардың  қолданылуы қызық болды. Ұн мен өнімдерді дайындау үшін көп уақыт кеткен болатын. Қазір, жаңа технологиялар нәтижесінде бұл үрдіс жылдам жасалады», - деді колледж студенті Темірлан Әбішев.

Барлық жаңалықтар