- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы апта сайынғы жәрмеңкеде тауар өндірушілер 850 тоннаға жуық өнім ұсынады
Астанадағы апта сайынғы жәрмеңкеде тауар өндірушілер 850 тоннаға жуық өнім ұсынады
Астана қаласы Ауыл шаруашылық басқармасының хабарлауынша, әлеуметтік маңызы бар тағам түрлері, атап айтқанда, картоп, пияз, қызанақ, қияр және т.б. көкөніс түрлері, ет, балық, кондитерлік өнімдер сатылады.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі әр апта сайын жәрмеңкелер ұйымдастырады. Тауарлар нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзан сатылады.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінен бөлек, қазіргі таңда тұрақты түрде Астана мен Ақмола облысының жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңке қаланың үш ауданында: «Алматы» ауданында - Абылай хан даңғылының бойында және Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының көлік тұрағының аумағында, «Есіл» ауданында Сауран көшесінде ХҚКО жанында, «Сарыарқа» ауданында – Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем» СО ұйымдастырылады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді