• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық 40-тан астам компания тауарларды сертификаттау бойынша жұмыстар мен қызметтер үшін өтемақы алды – NADLoC

Қазақстандық 40-тан астам компания тауарларды сертификаттау бойынша жұмыстар мен қызметтер үшін өтемақы алды – NADLoC

17 Қыркүйек, 2015 19:07
2015 жылы ҚР ИДМ «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» акционерлік қоғамы индустриялық-инновациялық субъектілерді қолдау шеңберінде 41 компанияның шығындарын өтеді, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта өтейік, өтемақы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджментін сертификаттау кезінде жұмсалған шығынды өтеуді көздейді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 922 қаулысына сәйкес өтемақы өтеу қарастырылған. Өтелген өтемақының көлемі шығынның 50% немесе шамамен 3000 АЕК құрады. 

Барлық жаңалықтар