• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Садуақасова: Қазақстандықтардың өз тарихын білуі ұлттық дүниетанымды арттырады

А.Садуақасова: Қазақстандықтардың өз тарихын білуі ұлттық дүниетанымды арттырады

17 Қыркүйек, 2015 17:46
2015 жыл шын мәнінде Қазақстан үшін мерейтойлы жыл болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы, Ұлты Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы, Конституцияның 20-жылдығы, Қазақ хандығының 550-жылдығы барлығы бір-бірімен тұспа-тұс келді. Бұл атаулы даталардың барлығы бүгінгі ұрпаққа әр кезеңнің өзіндік қалыптасу ерекшелігін түсіндіре түседі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге бастау берілген болатын. Осы ретте тарихи датаның маңызы жайлы «Strategy2050.kz» АА ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы, әлеуметтік ғылымдар докторы  Айгүл Садуақасовадан сұхбат алды.

«Қазақ хандығының тарихи мағынасы зор. Кеңестік кезеңде біз ол туралы кейбір бөліктерін ғана білетінбіз. Ол кезде барлық әлем  ғылымы еуропалық тарихты зерттеуге бет алған болатын. Алайда еуропалық пен еуразиялық тарихтын айырмашылығы жер мен көктей еді», - деді А.Садуақасова.

Алайда еуразиялық тарих қанша дегенмен зерттелді. Ең алғаш болып Еуразияны жеке мәдениет ретінде тарихшы, шығыстанушы, Л. Н. Гумилев зерттей бастады. Бүгінде оның есімі елордадағы Еуразиялық ұлттық университетіне берілген. Тарихшы айтып кеткендей, дала өркениеті, дала көшпенді шаруашылығы өзге өркениеттің бір түрі және ол Қазақстан тарихы үшін өте маңызды.

«Қазақстан аумағында мемлекеттіктің қалыптасуы  бұл маңызды факт, ол біздің өркениетіміз еуропалық, қытайлық, үндістандық, мысырлық мәдениетпен бір деңгейде тұрғанын анықтайды. Қазақ хандығының датасы бір манифест сияқты болуы мүмкін, ал тарих жағынан ол біздің салтымыз көнеден қалыптасқанын білдіреді. Тарыхшылар анықтап отырғандай, Қазақ хандығында өзге мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас өте жақсы болған», - деп түсіндірді А.Садуақасова.

А.Садуақасованың айтуынша, қазақ халқының бүгінгі салт-дәстүрі сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Сондықтанда тарихқа деген берілгендік бізге болашақта да тұрақты болуға толық құқық береді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар