• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев Маңғыстау облысының көлік-логистика саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті

Н.Назарбаев Маңғыстау облысының көлік-логистика саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті

17 Қыркүйек, 2015 16:31
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында А.Айдарбаев Елбасыға өңірдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының көлік-логистика саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өңір экономикасын әртараптандыруды жалғастыру қажеттігін айтты.  

 

Барлық жаңалықтар