• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-да өңірдің экономикасына канадалық бизнестің инвестициялау мүмкіндігі талқыланды

ОҚО-да өңірдің экономикасына канадалық бизнестің инвестициялау мүмкіндігі талқыланды

17 Қыркүйек, 2015 18:19
Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Қазақстандағы Канаданың Төтенше және Өкілетті елшісі Шон Перри Стайлмен кездесті, жүздесу барысында Оңтүстік Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі мен өңірдің экономикасына канадалық бизнесті инвестициялау мүмкіндігі талқыланды, деп хабарлады әкімдікте.

ОҚО басшысы Ш.П.Стайлға сүт, ет өндіру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға канадалық компанияларды тартуға ұсынып, өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары әлеуетін атап өтті.

Сондай-ақ, ОҚО қонақтары «Ордабасы құс» фабрикасының жұмысымен танысты, оған қоса, Қазықұрт ауданындағы  «Амангелді» АШ бақшасында болды.

 

 

Барлық жаңалықтар