• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әлем елдерінің тарихшылары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференцияға қатысты

Әлем елдерінің тарихшылары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференцияға қатысты

17 Қыркүйек, 2015 17:31
Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу барысында Өскеменде Қазақстан, Қытай, Түркия, Ресей мен Венгрия елдерінің тарихшылары мен филологтары, ғалымдары, зерттеушілердің қатысуымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, конференцияға атақты жазушылар, мемлекеттік сыйлық лауреаттары, шығармашылық тұлғалар қатысты.

Шараға Қабдеш Жұмәділов, Роллан Сейсенбаев, Төрегелді Шорманов, Қалиев Жекен Қалиұлы, Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулетов, Жүрсін Ерман сынды қайраткерлер қатысты.

Конференция барысында жалпы отырыс өтіп, «Елдік пен ерлікті жырлаймын» кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 35 жұмыс ұсынылған «Үздік дастан» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Барлық жаңалықтар