- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Халықаралық жол федерациясының мүшесі атанды
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Халықаралық жол федерациясының мүшесі атанды
Стамбулда «Еуропа және Орталық Азия» Халықаралық жол федерациясының аймақтық конгресі өтуде.
«Бірлесе отырып дамуға арналған дәліздер» сессиясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліпов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан автомобиль жолдарының даму саласы жөнінде кеңінен баяндады.
Ол атап өткендей, Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру транзиттік тасымалдауды арттырады, халықаралық көлік жүйесіне көлік инфрақұрылымының бірігуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, аймақтарда жергілікті көлік инфрақұрылымын дамытады.
«Жердегі халықаралық тасымалдау, Қазақстанның көлік-логистикасын дамыту және оның «Қазақстан – Жаңа Жібек жолы» және «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламалар стратегиясы аясында жаһандық жеткізіп тұру тізбегіне қосылу үшін қолайлы жағдай қалыптастыру жөнінде қабылданған барлық шаралар, тұтынушылармен жұмысты әлдеқайда жақсартып, тездетеді, сондай-ақ, Азиядан Еуропаға жүкті тура тасымалдауды және трансқазақстандық бағыт арқылы кері қарай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты біз халықаралық көлік және транзиттік дәлізінің дамуы жөнінде бірлесе отырып өркендеуге және Қазақстанның инфрақұрылымының қатысуымен біздің аймақтағы тасымалдауды дамытуға бірлескен ортақ күш-жігерімізді қосатындығымызға үлкен үміт артамыз», - деп атап өтті Ұлан Әліпов.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілі, Халықаралық жол федерациясының келесі конгресін «Жол саласындағы энергетика мен экология баламасы» тақырыбында 2017 жылдың жаз айында Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде өткізуді ұсынды.
«Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық аясында, ағымдағы жылдың 18 қарашасында Астанада «Қазақавтожол-2015» XII Халықаралық көрмесі өткізілетіндігін хабарлағым келеді. Жабдықтар, жол кешенінің құрылысы мен қызмет индустриясы». Көрме аясында, «Жол құрылысындағы заманауи технологиялар мен жаңартпалар. «ЭКСПО-2017» көрмесіне үлес». Барлық қатысушыларды осы іс-шараларға қатысуға шақырамын!», - деді Ұлан Тоқтарбайұлы.
Баяндамасын қорытындылай келе, ол «Стамбулда Еуропа және Орталық Азия» аймақтық конгрессінің өтуі, қатысушы-елдер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасының дамуына жаңа жағымды серпін беретіндігіне сенімді екендігін білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды