ИИДМБ аясында Алматы облысында мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады

17 Қыркүйек, 2015 16:08
Алматы облысында индустриалды инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының аясында құны 16,5 млрд. теңгенің 6 жобасын іске асыру арқылы 1023 жаңа жұмыс орнын ашу жоспары қарастырылған, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен жылдың өзінде 2,8 млрд. теңгенің жобасы іске асырылып, 250 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ, облыста құрылыс жұмыстары 130,2 млрд теңгеге жүргізілді, ол өткен жылдың деңгейіне қарағанда 36,6 пайызға өсті.

Өңірде жыл басынан бері пайдалануға 934 мың шаршы метр тұрғын үй берілді, ол 2014 жылғымен салыстырғанда 1,9 есеге  көп.

Барлық жаңалықтар