• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы «Атыраумұнаймаш» ЖШС-ның ірі габаритті жабдықтар шығаратын зауытына барды

Мемлекет басшысы «Атыраумұнаймаш» ЖШС-ның ірі габаритті жабдықтар шығаратын зауытына барды

17 Қыркүйек, 2015 14:18
Мемлекет басшысы «Атыраумұнаймаш» ЖШС-ның ірі габаритті және аса ауыр жабдықтар шығаратын зауытына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы кәсіпорынның жұмысымен танысып, жабдықтары мен өндіретін өнімдерін көрді.

Еңбек ұжымымен әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев жұмысшыларды жаңа цехтың іске қосылуымен құттықтап, оларға инновациялық өнім өндіруде табыс тіледі.

Қазақстан Президенті сондай-ақ бұл нысан біздің өңір үшін бірегей кәсіпорын екеніне назар аударды.

Соңында Мемлекет басшысы еңбек адамының кәсіби тұрғыдан өсуі үшін және отандық тауар шығарылымының ауқымы мен сапасын одан әрі  арттыру үшін мемлекет барлық қажетті жағдайды жасай беретінін айтты.

 

Барлық жаңалықтар